Қазақстандық компания жылына 130 мың литр отандық шарапты өндіреді
Отандық кәсіпорын «Био Тау Жер» ЖШС өз жұмысын 2002 жылы бастаған. Кәсіпорын табиғи, экологиялық таза «Chateau Karakemer» («Шато Каракемер») брендінің шарабын өндірумен айналысады.
2003 жылдың мамыр айында Францияның оңтүстігінен Каберне Совиньон, Каберне Фран, Броколь и Мерло деп аталатын 4 сұрыптарынан 100 000 түп көшет әкелінген. Олар 20 гектар жерге жүзімдерді өсіру жағдайын және шарапты өндіру үрдісін бақылауды 9 жылдан бері жүргізіп келе жатқан «Suolo e Salute» халықаралық сертификаттау агенттігінің қатаң бақылауымен отырғызылды.
Компания заман ағымымен қатар дамып келеді, стандарттың барлық талаптарына сай, тауарды экспорттауға мүмкіндік беретін халықаралық БИО сертификатына ие. Кәсіпорынның жоспарлары мен мақсаттары үлкен. Кәсіпорынның жетістікке жетуінің сыры - өңірдегі жүзім өндірісін қайта жандандыру, ауыл ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу, әрбір қызметкердің еңбегін бағалап, оған құрметпен қарау, олардың білімін жетілдіріп, жаңа технологияларды ендіру, сатып алушыларды жоғарғы сапалы БИО – табиғи өніммен қамтамасыз ету, шетелге экспорттауға лайықты бәсекеге қабілетті тауарды жасап шығаруды жалғастыру секілді мақсаттарына берік болуында.
«Chateau Karakemer» шарап зауыты Алматы обылысында Іле Алатауының бөктерінде, Оңтүстік астанамыздан 70 километр қашықтықта орналасқан. Бұл жайлы климаттық жағдайларға ие ерекше мекен. Зауыт 8 метр тереңдікте салынған, іші табиғи өзен тастарымен қаланған ал бұл өз кезегінде өндіріс орынының климатын табиғи температурада ұстауға және жоғары сапалы шараптарды өндіруге мүмкіндік береді.
«Біз үшін сан емес, сапа маңызды. Сабақтарды көктемгі қырқу кезінде шоқтар аз болуы үшін бұтақта 5 – 6 бүршіктерден қалдырамыз, есесіне әрбірі жоғары сапалы жемістер беретін болады. Зауыт шарапты құраушылары бар қоспаларды пайдаланбайтын классикалық европалық әдіспен, тек табиғи шарапты шығаруға мамандандырылған. Біздің шарап бұл – табиғи жолмен ферменттелген, бояуыштар, этил спиртінің немесе қанттың түрлі ұнтақтары қосылмаған таза жүзім шырыны. Бұл - біздің өнімнің ерекшелігі, бұл – біздің өнімнің құндылығы» - деді «Био Тау Жер» ЖШС негізін қалаушысы және бас директоры Нағима Таванова.
Бір айта кетерлігі жабдықтар зауытқа тікелей Франциядан алып келінді, барлық халықаралық талаптарға сәйкес және жоғары сапалы тот баспайтын болаттан жасалынған. Біз НАССР – дың негізгі қағидаларын жасап шығардық және оларды өндіріске енгіздік. Сонымен қатар өнімнің сапасы Кедендік Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сай. Біздің өнімнің сапасында жүзім алқабының зауытқа жақын маңда орналасуы да маңызды рөл атқарады. Ол жүзімнің балғындығы мен сапасын тасымалдау барысында жоғалтпауға мүмкіндік береді. Өнім міндетті түрде полиэтиленді немесе ағаш жәшіктерге жиналады, ол да өнімнің сапасына оң әсерін береді.
Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 130 мың литр. 2,5 жылдан бері зауыт өнімдері Алматы мен Астананың таңдаулы ресторандары мен супермаркеттерінде сатылуда. 2014 жылы «Био Тау Жер» ЖШС ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталды, ал бір жыл бұрын компания жергілікті және республикалық байқаулардың «Қазақстанның үздік тауары» аталымын жеңіп алған.
Индира Кауметова