Қызылорда облысында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыз су тартылды

21.12.2015 3294

Шиелі ауданына қарасты Алғабас ауылы ауыз суға қосылды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігі.

«Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы жүзеге асқан бұл жоба елдімекенді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта өтейік, соңғы 3,5 жылдың ішінде облыстың су мәселесін шешуге 27 млрд. теңге жұмсалды. Аймақта 262 елдімекен болса, соның 71 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Демек, облыс тұрғындарының 94 пайызы сапалы ауыз суды тұтынып отыр деген сөз.

Ал, Шиелі ауданында 8 елдімекенді Жиделі топтық су құбырына қосу туралы 4,2 млрд. теңгеге арнайы жоба әзірлеген.

Осылайша аудан келесі жылы толық ауыз сумен қамтылатын болады.