Н.Назарбаев: Адамзат дамуы рейтингісінде көтерілу – біз үшін үлкен жеңіс

15.12.2015 2983

Қазақстан БҰҰ-ның адамзат дамуының индексі рейтингінде 14 сатыға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада.

«Қазақстан ДСҰ-ға енді, Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істей бастады, ағымдағы жылы біздің еліміз әлемнің жетекші экспорттаушыларының  үздік 50-не енді, онда ол 43 орынға табан тіреген болатын. Сонымен қатар Қазақстан БҰҰ-ның адамзат дамуының индексі рейтингінде 14 сатыға көтерілді. Бұл біз үшін үлкен жеңіс», - деді ҚР Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адамзат дамуы туралы кезекті баяндамасын (Human Development Report) жариялады. Эфиопия астанасы Аддис-Абебада көпшілікке жарияланған жаңа баяндамаға сәйкес Қазақстан рейтингі 14-сатыдағы 56 орынға дейін көтерілді