Н.Назарбаев ИИДМБ-ның маңыздылығын арттыру қажеттілігін атап өтті
11.12.2015
2353
ИИДМБ-ның маңыздылығын арттыру қажет, казіргі кезде экономиканың сервистік-индустриалды моделіне үдемелі көшу керек, деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірінің қорытындысында.
«ИИДМБ-ның маңыздылығын арттыру қажет. Экономиканың сервистік-индустриалды моделіне үдемелі көшу маңызды. Сапалы дамуға бір-біріне байланысты секторлар, кәсіби қызметтер, инжиниринг, жоғары технологиялық сервистік логистика қол жеткізуі керек», - деді Президент.
Қостанайда шығарылып жатқан автокөліктің құны шамамен үш миллион теңге тұрады.
«Көліктің құнында тек металды жинақтан ғана тұрмайды, яғни оны алып келу керек, зауыттарда қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілік етеді. Автомобиль құнынының 20-30 пайызы халық жұмыс істеп жатқан сервистік қызметтерге тиесілі. Сондықтан да мен сервистік- индустриалды саясат жайында айтып отырмын, себебі, дәл осы жерлерде жұмыс орындары құрылады», - деді Мемлекет басшысы.