Бүгін Астанада Үкімет отырысы өтеді
08.12.2015
2357
Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов селекторлық режимде ҚР Үкіметінің кезекті отырысын өткізеді, деп хабарлады primeminister.kz.
Күн тәртібінде 2015 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпы ұлттық жоспарды бекіту туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралады.
Сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық банктің 2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын талқылап, қабылдау жоспарланған.
Бұдан өзге, Жұмыспен қамтудың жол картасын 2020 өзектендіру және «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру мәселелері қаралады.