Қазақстанда 343,1 млрд теңгеге 48 914 нысан жария етілді

05.12.2015 3032

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 672,3млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 68 619 өтініш түсті, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Сомасы 506,5 млрд. теңгеге 57 249 тұрғын үй объекті, сомасы 158,8 млрд. теңгеге 29 995 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 6 994 млрд.теңгеге 111,6 коммерциялық объект, сомасы 2,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 22 қатысу үлесі, сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 343,1 млрд. теңгеге 48 914 объект жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1044,4 млн тенге құрайтын 38 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті.

Сомасы 1016,3 млн. теңгеге 33 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.