Қазақстанда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағалық реттеу алынады
Қазақстанда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағалық реттеу алынады, деді ОКҚ-да ҰЭМ ТМРБК төрағасы Серік Жұманғарин.
«Комитет Елбасының бірқатар тапсырмаларын орындауда. Ұлт жоспары қарастырған қадамдардың бірі монополияқа қарсы қызмет жұмысының тұжырымдамасының өзгеруі болып табылады. Оның ЭЫДҰ стандартына сай өткізілуі де қарастырылған. Аталмыш жұмысты екі кезеңге бөлеміз», - деді ол.
Оның айтуынша, 1-ші кезең аяқталды, оның қорытындысы бойынша «Бәсекелестік туралы» Заң қабылданды.
«Кодекс 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап доминанттар реестрін тек жоғары реттеу нарықтарына ғана енгізуді қарастырып отыр. 2017 жылдың 1 қаңтарынан батсап реестр мүлдем алынып тасталады», - деді ол.
Комитет төрағасы атап өткендей, жұмыстың соңғы кезеңі 2016 жылдың бірінші жартысында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда комитет жаңа заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеуде.
Анар Тәңірқұлова