Қазақстандықтар құрылыс материалдары сапасының жақсаруы нәтижесінде энергияны 30 пайызға дейін үнемдей алады
Қазақстандықтар құрылыс материалдары сапасының жақсаруы нәтижесінде энергияны 30 пайызға дейін үнемдей алады, деді ОКҚ-дағы брифингте Назарбаев Университеті инновация жөніндегі вице-президенті Қанат Байғарин.
«Еліміздегі трансформация саласының, жаңа материалдардың, экономиканың тұрақты түрде дамуына байланысты зиянды заттардың шағарылымдары 90 жылдармен салыстырғанда әлдеқайда азайды. Атап айтар болсақ, бүгінгі күні 20-25 пайызға төмендеді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Енді 2030 жылға дейін парниктік газдар шығаралымын шартсыз мақсат 15 пайыз және шартты мақсат 25 пайызға төмендетуді көздеп отырмыз. Сондықтан біз 30 жылдарға дейін станцияларды, техникаларды өзгертпей, жаңартылған энергияны пайдалануға көшуіміз керек. Негізі Қазақстан – КСРО құрамындағы елдер ішінде бірінші болып парниктік газ шығарындыларын азайтуды қолға алған мемлекет. Нәтижесі жаман емес. Егер сіз таза энергияны ғана пайдаланып, атмосфераның ластануына алып келетін басқа энергияны пайдаланбасаңыз, таза энергияның бағасы түседі», - деді ол.
Айта кетейік, аталған форум климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негізгі конвенциясы тараптарының 21-ші конференциясы (СОР21) өтетін кезеңде ұйымдастырылады. Ол 30 қарашада өз жұмысын бастады және 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
Климаттың өзгеруі мәселесіне арналған ең үлкен пікірталас алаңдарының бірі болып табылатын СОР21 конференциясына 194 елден 40 мыңнан астам өкіл қатысуда. Аталған конвенцияда жер-жаһанда температураның 2 градустан асуына жол бермеу жөнінде міндеттеме алуды көздейтін жаңа халықаралық келісімге қол қою жоспарланып отыр.