Қазақстанның дағдарысқа қарсы саясаты нақты ғылыми әдіске сүйене отырып жасақталған – сарапшы
ҚР Президентінің Жолдауы дамудың қазақстандық жолы ғылымға негізделгенін дәлелдейді, деп хабарлады Саясаттанушылар конгрессі басқарма төрағасының орынбасары Оразғали Селтеев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
«ҚР Президентінің Жолдауы дамудың қазақстандық жолы ғылымға негізделгенін дәлелдейді. Жолдау негізгі басты стратегиялық тұжырымдамаларды қамтыған – олар «Қазақстан -2050» стратегиясы мен «Мәңгілік Ел» идеясы, «Нұрлы жол»инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы және Ұлт жоспары «100 нақты қадам». Бүгінде дәл осы бағдарламалар бойынша біздің мемлекет жұмыс істеуде. Осы бағдарламаларда ҚР Президентінің тапсырмалары жан-жақты ашылған және дәлме-дәл келтірілген», - деді О. Селтеев.
Оның айтуныша, Жолдаудың басты локомативі – әлемдік дағдарыстың әсері және Қазақстанның оны алдын алуы. Егер Елбасы ұсынған шараларды жіті қарайтын болсақ – бұл нарықтық экономиканы дамытудың жаңа кезеңінің бастауы екенін білесіз. Дағдарысқа қарсы саясат нақты ғылыми әдіске сүйене отырып жасақталған.
«Мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларын жүзеге асыруда басты субъекті мемлекет. Ол қаржы нарығын тұрақтандыруға, бизнестің экономикалық бәсекелестігін дамыту, бюджеттік саясатты оңтайландыруға байланысты. Жолдауда осының барлығы нақты аталып көрсетілген», - деді О. Селтеев.
Сарапшының пайымынша, Президентің Қазақстан халқына Жолдауы бір жағынан әлеуметтік құжат болып табылады. Себебі ол адам капиталын одан ары дамытуға бағытталған.