ЕАЭО мен Корея Республикасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
02.12.2015
2864
Сеулде Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнов мен Корей Республикасының Өндіріс, сауда және энергетика министрі Юн Сан Чжик Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өндіріс, сауда және энергетика министрлігі арасында меморандумға қол қойды.
ЕЭК баспасөз қызметінде хабарлағандай, қол қойылған құжат негізінде Еуразиялық экономикалық одқ пен Корея арасында әрекеттегі ынтымақтастық механизмі жұмыс істейді.
«Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мәселелерін талдауға арнайы алаң құрып жатырмыз. Бұл сауданы дамыту мен техникалық реттеу, тарифтік, тарифтік емес ынтымақтастықтың алаңы», - деді Слепнов.
ЕЭК сауда министрінің Кореяға сапары аясында Жалпыресейлік сыртқы сауда академиясы мен Корей халықаралық экономикалық институтының жұмысы бастады.