ҚР ҰЭМ коммуналдық базарлардағы сауда орындарының 50% жергілікті тауар өндірушілерге тапсыруды ұсынды

23.11.2015 2919

Коммуналдық базарларда жергілікті тауар өндірушілер бөлетін сауда орындары үлесін 50% дейін арттыруды ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұсынды.

«Коммуналдық базарлардағы сауда орындарының 25% жеке өнімін делдалдарсыз тікелей тұтынушыларға өткізуге жергілікті тауар өндірушілерге берілді. Бүгінде елімізде жалпы ауданы 84 мың шаршы метр болатын 31 коммуналдық базар жұмыс жасайды. Осы жергілікті тауар өндірушілерге берілетін сауда орындарының 25% үлесін олар өз өнімдерін сатуға көбірек мүмкіндікке ие болу үшін 50% дейін арттыруды ұсынамыз», - деді ол бүгін селекторлық режимде өткен ҚР Үкіметі отырысында.

Сонымен қатар, елімізде қолданылатын шаралар туралы айтқан ол әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бөлшек бағаның шектік мәнінің артуына жол бермеу мақсатында ол жергілікті атқарушы органдар бүгінде баға жағдайын мониторингілеу бойынша өңірлік штабтар құрылғанын айтып өтті. Бұдан өзге, оның айтуынша, нарықтағы бағалардың өсуі және ұсыныстарды қысқарту кезінде тұрақтандыру қорлары арқылы сәйкес нарықта тауар интервенциялары жүргізілуде.

«2015 жылдың 24 қазанына жағдай бойынша мәліметке тұрақтандыру қорындағы сәйкес азық-түлік тауарларының қорлары 42 мың 300 тоннаны, оның ішінде негізгі массаны картоп, бірінші сұрыпты ұн, қант және басқа да көкөніс түрлері құрайды. Қорлардың ең көп саны ОҚО-да, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматыда қалыптасқан», - деп мәлімдеді министр. 

Оның мәліметінше, 2015 жылдың 17 қарашасына жағдай бойынша жылдың басымен салыстырғанда әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларына бағалар индексі 106,7 құрады. Бағалардың ең көп өсуі келесі тауарлар бойынша жүргізілген: күнбағыс майы - 35,9%-ға, қант - 22,5%-ға, шай - 16%-ға , жұмыртқа - 11,7%-ға, ұн 10,4%-ға және басқалары.