К.Мәсімов кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы жоспар дайындауды тапсырды

23.11.2015 3084

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика министрлігіне кәсіпкерлерді қолдау бойынша дағдарысқа қарсы жоспар дайындауды тапсырды.

«Бүгін біз Елбасы көтерген барлық өзекті сұрақтарды талқыладық. Меніңше, біз барлық бағдарламаларды қосып, бірыңғай дағдарысқа қарсы жоспар дайындауымыз қажет», - деді Премьер-Министр.

Аталмыш тапсырманы К.Мәсімов Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың төрағалығымен аталмыш ведомствоға жүктеді.

Айта кетейік, бүгін үш сағат бойы министрліктер кабинеті 18 қарашада Елбасы жүктеген тапсырмаларды талқылады.

Индира Кауметова