Жария етудің 1,5 жылы ішінде 71 млрд теңгеге 218 нысан сатылды – ҚР ҚМ

23.11.2015 2473

Жария етудің 1,5 жылы ішінде 71 млрд теңгеге 218 нысан сатылды, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Үкіметінің селокторлық режимдегі кезекті отырысында.

Б. Сұлтанов атап өткендей, жария етудің маңызды міндеті жеке секторды қалыптастыру.  Екінші жария ету науқанының мақсаты жеке секторға қолдау көрсету.

«Екі науқан арасында қарама қарсы әсер орын алды. Бүгінгі таңда мемлекет бақылауындағы капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы 43% құрады», - деді ол.

Сонымен қатар,  Б. Сұлтанов не себепті жария етудің пайдалы екенін түсіндірді.

«Не себепті жария ету пайдалы? Ірі компаниялар үшін ол инвестиция  тартуға мүмкіндік береді, тауар өткізудің жаңа нарығын табуға, жұмыс орындарын ашуға және сақтап қалуға мүмкіндік береді. «Орта бизнестің» компаниясын сату дайын бизнеске қол жеткізуге жағдай жасайды», - деп түсіндірді ол.  

Министр хабарлағандай, әлеуметтік нысандар мемлекет иелігінде қалуда. Алайда МЖӘ арқылы бизнестің басқаруына беріледі. Мемлекет қызмет көрсету түрлерінің сақталуын қамтамасыз етеді.  

«Халық үшін пайда – жұмыспен қамту мәселесінің шешімі, дивидендтер және сапалы қызмет. Мемлекеттің пайдасы – тиімді нарықтық экономиканың жұмыс істеуі үшін жағдай жасалады, инвестициялық белсенділік артады», - деді Б. Сұлтанов.

«Бастысы жария етудің 1,5 жылы ішінде 71 млрд теңгеге 218 нысан сатылды. 67 нысанды – жеке тұлғалар, 63 нысанды – заңды тұлғалар сатып алды. 87 нысан бірлескен қожайындарына өтті. Ал, бір нысан  IPO арқылы мыңдаған азаматтарымызға өтті», - деп хабарлады ҚР қаржы министрі.