Е.Досаев: «Нұрлы жол» аясында көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша 15 жоба жүзеге асырылуда
«Нұрлы жол» аясында көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша 15 жоба жүзеге асырылуда, деді ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен селекторлық режимде өтіп жатқан кезекті отырыста.
««Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 15 жоба жүзеге асырылуда, автомобиль жолдары саласында – 11 жоба, темір жол саласында – 2, су және әуе көлігі-2 жоба асырылуда. Негізгі «Нұрлы жол-Оңтүстік», «Нұрлы жол-Шығыс», «Нұрлы жол – Батыс» бағыт пен өзге республикалық автожолдардың жөнделуіне бөлінген 178 млрд теңгенің 138 млрд теңгесі немесе 78 пайызы 2015 жылдың 1 қарашасында игерілді. 390 шақырым жол жөнделді», - деді министр.
«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жыл соңына дейін 40 млрд теңгені игеруі тиіс. Астана қаласы әуежайының құрылысы жобасы үшін «Самұрық-Қазынадан» бөлінген 29 млрд теңгенің 12,5 млрд теңгесі игерілді. Алматы-Шу теміржол желісі жобасы бойынша бөлінген 8,3 млрд теңгенің 4,1 млрд теңгесі игерілді (49 %). Боржақты – Ерсай теміржол женлісі құрылысы жобасы бойынша бөлінген 6,7 млрд теңгенің 5,7 млрд теңгесі (85 %) игерілді», - деді министр.
ҚР ҰЭМ айтуынша, жоғарыда аталған жобалар бойынша «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ-ның еншілес компаниялары жыл соңына дейін 14,8 млрд теңгені игеруі тиіс және 2016 жылдың бірінші тоқсанында әуежайдың құрылысы бойынша 9 млрд теңгені игеруге міндетті.