Ақмолалық спортшылар кикбоксингтен халықаралық турнирде 2 алтын медаль жеңіп алды (ФОТО)

19.11.2015 3642

Ақмола облысының спортшылары «Ермек кубогы» «А» санатындағы кикбоксингтен XIII жалпыресейлік ашық турнирдің чемпиоандары атанды, деп хабарлады облыстық ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Жекпе-жек орталығында «Ермек кубогы»  аясында түрлі салмақ дәрежесі бойынша барлығы 109 медаль жиынтығы сарапқа салынды.  

Ақмола облысының   намысын дүбірлі додада 7 спортшы қорғады. Нәтижесінде Көкшетаудың тумасы 21 жастағы  Айназ Жайықбаева 48 кг салмақ дәрежесінде «алтыннан» алқа тақты. Сонымен қатар, атбасарлық  Мадияр Абдрахманов 71 кг дәрежесінде ешкімге дес бермей, алтын медальға қол жеткізді.

Бұдан басқа, Ақмола облысының құрама қомандасы 3 күміс, 2 қола еншіледі.