Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға бөлінетін кепілдендірілген трансферттер 2 400 млрд теңге көлемінде белгіленді

18.11.2015 2185

Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға бөлінетін кепілдендірілген трансферттер жыл сайын 15%-ға көтерілусіз 2 400 млрд теңге көлемінде белгіленді, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлы отырыста.

Елбасы мақұлдаған тәсілдерге сәйкес, 2016-2018 жылдарға бөлінетін мақсатты және кепілдендірілген трансферттер көлемі бір доллар орташа есеппен 300 теңге болған жағдайында түзетілді.

«Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға бөлінетін кепілдендірілген трансферттер жыл сайын 15%-ға көтерілусіз 2 400 млрд теңге көлемінде белгіленді», - деп мәлімдеді ҰЭМ басшысы.

Оның айтуынша, Ұлттық қордан 2016 жылға бөлінетін мақсатты трансферт көлемі  461,5 млрд теңгеден 567 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Индира Кауметова