Астанада тау-кен металлургтарының VI съезі басталды

18.11.2015 3165

Астанада тау-кен металлургтарының VI съезі аясында еліміздегі шахтерлердің, кеншілер мен металлургтардың ҚР Үкіметімен, кәсіподақтармен кездесуі өтуде. Шараны дәстүрлі түрде «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы» АҚ (ТМКҚ) ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, съезд  шахтерлер, металлургтар мен кеншілер саланы дамытудағы проблемалар мен әлеуетті талқылайтын маңызды алаң болады. 
 «Ағымдағы жылы съезд толығымен тау-кен металлургия мәселесіне арналды. Сонымен қатар күн тәртібене жер қойнауын пайлану бойынша бірқатар кодекстерді талқылау енді», - деді ТМКҚ  атқарушы директоры Николай Радостовец.

Съезд  жұмысына 200-ден астам  делегат қатысуда. Оның ішінде тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының жетекшілері, ТКМ жұмыскерлері, мемлекеттік орган қызметкерлері ҚР Мәжіліс депутаттары бар.