Мемлекет басшысы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға қол қойды

18.11.2015 3396

Мемлекет басшысы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға және оған сәйкес түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының  бірқатар заңдарына қол қойды:

- Жұмыс берушінің және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

Заңдардың  мәтіні баспасөзде жарияланады.