Әскери билеттерді беру қызметі ХКҚО-ға тапсырылды (ФОТО)
Бүгінгі күні шамамен 9 қызмет, оның ішінде бұдан бұрын әскери комиссариаттармен ұсынылған әскери билет алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, әскери-оқытылған резервтің бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыратын және мерзімді әскери қызметтің баламасы болып табылатын әскери-техникалық мектептердің жұмыс жасау практикасы енгізілді.
Осы жылы 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса қазақстандықты мерзімді әскери қызметке шақырды. Оның 4 000-ы ҚР Қорғаныс министрлігінің бөлімдеріне, 2000-ға жуығы ҰҚК-нің Шекара қызметіне, 6500-ден астамы ІІМ-нің Ұлттық ұланына және шамамен 300-і Мемлекеттік күзет қызметіне қызмет етуге аттанды.
Тегін негіздегі қырық күндік оқу ішінде азаматтар заңды түрде әскери билет алады, бұл заңсыз тәсілдердің болмауына ықпал етеді. Бүгінде шақыруды тиісті орган әкімі орынбасарының басшылық етуімен шақыру комиссиясы ғана жүзеге асыратынын айта кеткен жөн.
Құрам тиісті өңірдің әкімімен тағайындалады. Оған денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, қоғамдық ұйым, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кіреді. Әскери қызметшілер бір лауазымды тұлға ретінде ұсынылған. Одан басқа, армияның жасақтаудың келісімшарттық жүйесіне ауысуы маңызды болып табылады, бұл мерзімді қызметке шақырылушылардың санын азайтады.
Әр жыл сайын азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру процедурасы анағұрлым ашық және қолжетімді болуда, құқықтық көмек пен заңнамалық базаны жетілдіру көзделуде. Енді мүгедектер отбасында әскерден бір ер баланың кейінге шақырылуына мүмкіндік пайда болады. Сондай-ақ «Әскери қызмет пен әскери қызмтешілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес кейінге шақырылу мүмкіндігі ауылдық оқытушылар мен дәрігерлерге, анасының тәрбиесінсіз асырауында баласы бар азаматтар мен азаматтардың өзге де санаттарына беріледі.