"Аstana Рiano Рassion" жас пианисттер байқауының финалисті Санжарәлі Көпбаев «Ұлт болашағы» Қазақстан листингіне енді
"Аstana Рiano Рassion" жас пианисттер байқауының финалисті Санжарәлі Көпбаев «Ұлт болашағы» Қазақстан листингіне енді, деп хабарлады "Аstana Рiano Рassion" конкурсының баспасөз қызметі.
«Ұлт болашағы» VIP листингіне еліміздің әлеуетті көшбасылары – республикалық және халықаралық интеллектуалды, жалпы білім беретін, ғылыми, музыкалық, спорттық жарыстар олимпиадаларының жеңімпаздары тіркеледі. Листинг ұйымдастырушылары «бұл балалар әрі қарай жеке бас және кәсіби өсуде орасан зор мүмкіндікке ие, олар біздің еліміздің әлеуетті көшбасылары. Жұмыс берушілер мен инвесторлар осындай еліміздің тұлғаларына және кәсіпқойларына қызығушылық танытады», - деп санайды. «Ұлт болашағы» листингіне қатысушылар жасы 35 жастан аспайды. Санжарәлі Көпбаев Қазақстанның әр аймақтарынан жиналған 26 дарынды балалардың ішінде ең жасы.
Санжарәлі Көпбаев “Astana Piano Passion” Бірінші халықаралық жас пианисттер байқауының Қазақстаннан шыққан жалғыз финалисті. Жасы тоғызда болса да, ол байқау қазылары мен қонақтарын өзінің дыбыс түрлілігімен, жанды ойынымен және өзіндік ерекшеліктерімен баурап алды. “Acordi di Astana” Қоғамдық қоры Санжарәліге ақшалай сыйлықтан басқа, жазғы демалысын Суздаль қаласындағы «Новые имена» Қорының жазғы шығармашылық мектебінде өткізуіне мүмкіншілік берді. Санжарәлі уақытын П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы мен Гнесин атындағы Ресейлік музыка академиясының белгілі профессорларымен өткізіп, басқа да Ресей, ТМД мемлекеттері, Балтия және алыс шетел аймақтарынан келген дарынды балалармен танысты.
«Ұлт болашағы» тізіміне енген балалардың жетістіктері әр салаға, яғни молекулалы биологиядан бастап, киім әрлеміне дейін қатысты және олардың әрқайсысы жас шамаларына қарамастан, өз салаларында үлкен жетістіктерге жеткен. VIP листингінің тәртібі қатысушылардың жетістіктерін мақұлдайтыны жайлы алдын-ала тексеруді қарастырады. Бұл тізім жас таланттардың одан ары дамуы мен өсуі үшін инвесторлардың назарын аударады.