Астанадағы Мемлекеттік басқару академиясында РФ мемлекеттік қызметкерлері біліктіліктерін арттырды (ФОТО)

16.11.2015 2776

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Өңірдің бәсекелес басымдықтарын дамытуды басқару» халықаралық тағылымдамасы қатысушыларға сертификат беру рәсімі өтті, деп хабарлады академияның баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясы басқарушылық кадрлары резервінің мемлекеттік қызметшілеріне сертификатты Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдәрәсілов табыстады. 
Естеріңізге сала кетейік, тағылымдама бағдарламасына Ресей Федерациясының 24 өңірінен, атап айтқанда федералдық деңгей, Федерация субъектілері мен Мәскеу қ., Татарстан Республикасы, Дағыстан, Ингушетия, Краснояр өлкесі, Камчатка өлкесі, Владимир, Брянск облыстарынан келген 40 мемлекеттік қызметші–жастар қатысты. 

Екі апталық оқыту барысында лекциялар мен практикалық сабақтарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, ұлттық экономика, инвестициялар мен даму, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ауыл шаруашылығы министрліктерінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, «Қазагро» Ұлттық басқарушы холдингінің, «Даму» Қорының, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және басқалардың жетекші сарапшылары жүргізді.

Айта өтейік, тағылымдама бағдарламасы Ресей тарапының сұранысы бойынша құрастырылды және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуымен, ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасымен, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимыл практикасымен, елорда – Астана қаласының даму келешегімен таныстыруды көздейді.