Ә.Бәйменов: Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында әлемдік тәжірибенің ұсыныстарын қабылдауы тиіс

11.11.2015 3348

Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында әлемдік тәжірибенің ұсыныстарын қабылдауы тиіс, деді Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов Назарбаев Университетінде өткен семинарда.

«100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының бес басымдығының бірі - кәсіби дербес мемлектеттік аппаратты құру. Осы бағыттағы қозғалыста саяси мемлекеттік қызметшілер мен кәсіби мемлекеттік аппараттың арасындағы қарым-қатынасы өте маңызды.

«Біз Назарбаев Университетімен, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, барлық облыстардың аппарат жетекшілерін және министрліктердегі жауапты хатшылар үшін осы дамыған елдердегі кәсіби мемлекеттік қызмет қалай жұмыс жасайтыны, министрдің орынбасарлары, әкім орынбасарлары мен аппарат жетекшілері арасындағы қарым-қатынас қалай болуға тиіс», - деді ол.

«Сапаны арттыру бірнеше факторға байланысты. Біріншіден, дұрыс заңнама қабылдау. Бірақ кез келген шетелдің заңын көшіріп алып, пайдалануға болмайды. Мысалы, егер киім тар болса, ол адамды қысып тастайды. Сондықтан біз озық елдердің тәжірибесін зерделеуіміз керек, алайда ешқайсысын көшірмеуіміз қажет», - деді Ә.Бәйменов.  

Семинарды Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және БҰҰ ДБ қолдауымен ұйымдастырды.

Оның жұмысына еліміздің орталық мемлекеттік органдарының жауапты хатшылары мен облыс әкімдіктерінің аппарат басшылары, сондай-ақ  БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, ЭЫДҰ Мемлекеттік секторды реформалау басқарамасының басшысы Эдвин Лау, Канада басқару институтының президенті Мариантонетт Флюмэн, Нидерланды Жоғары мемлекеттік қызметінің бұрынғы бас директоры Ян Виллем Век және саладағы басқа да шетелдік білікті мамандар қатысуда.

Ботагөз Айтжанова