Нан бағасы көтерілген жағдайда 36 мың қазақстандыққа мекен-жайлық көмек ұлғайтылады – министр

10.11.2015 2365

Нан бағасы көтерілген жағдайда 36 мың қазақстандыққа мекен-жайлық көмек ұлғайтылады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Ауыл шаруашылығының министрі Асылжан Мамытбеков.

«2014 жылдың 1 қазанынан бастап 2015 жылдың 1 қазанына дейін аталмыш мақсаттарға 11,5 млрд теңге жұмсалды. Нан бағасы еркін айналымға жіберілгенде нан бағасы отбасылық бюджетке әсер ететін отбасыларға мекен жайлық көмек күшетіледі.  Ондай отбасылар қатары елде 36,5 мың адамды құрайды», - деді министр.

Оның айтуынша, аталмыш шаралар әлеуметтік әділетті болып есептеледі.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, 2015 жылдың 1 қазанына сәйкес, МЖК 34,7 мың қазақстандық алады, МЖК көлемі бір адамға 2407 теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 2,2 пайызға қысқарып отыр», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова