ҚР-да республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жыл психологтары марапатталды

10.11.2015 3190

2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Балқаш қаласында «Жылдың үздік психологі» атты IV республикалық конкурс өткізілді, деп хабарлады «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

Айта өтейік, шараны «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қарағанды  облысының білім беру басқармасы, Балқаш қаласының білім беру бөлімі  бірлесіп   ұйымдастырды.

Конкурс психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық  практикалық білім алу қызметін дамыту, отандық білім берудің  бәсекелістігін, гуманистік бағытын арттыруға ықпал ететін психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.

Ережеге сәйкес сайысқа қатысушылар еңбек өтіліне байланысты 3 топқа бөлінді: 3 жылға дейін,  3-7 жылға дейін, 7-жылдан астам еңбек өтілі бар. Конкурста психологтар берілген тақырыпқа эссе, «Самопрезентация» өз шығармаларын ұсынды, музыка, театрландырылған көрініс, поэзия, сурет, өнер арқылы өзі туралы шынайы әңгіме құрастырды, психологиялық-педагогикалық жағдайларды шешті, «Менің кәсіби шығармашылығым» монологын оқыды.

Қазақстанның түрлі өңірлерінен республикалық «Жылдың үздік психологы»  байқауының қорытынды кезеніне  61 аймақтық женімпаздары қатысты.

Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша бірінші секцияда І дәрежелі дипломмен Дана Тлебаева, екінші секцияда І дәрежелі дипломмен Бибігүл Смағұлова мен Жадыра Жақыпбекова, үшінші секцияда І дәрежелі дипломмен Анар Жапекова мен Бахыт Бейсекеева марапатталды.