Қостанай облысында «Ырыс» бағдарламасы бойынша 204 млн теңгенің 4 жобасы жүзеге асырылды

10.11.2015 2387

Қостанай облысында «Ырыс» бағдарламасы бойынша 204 млн теңгенің 4 жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлады «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі.

«Ырыс» бағдарламасы арқылы бөлінген қаржы ІҚМ, техника мен қондырғы алуға бағытталды.

Қордың қаржыландырылған жобаларының бірі Таран ауданындағы «Қалиев» шаруашылығында 100 бас ІҚМ-сі бар тауарлы сүт шағын фермасы. ШҚ Қордан 45,7 млн теңгенің несиесін алды, ол 129 сиыр алды.

«Біз 2005 жылы 5 сиырдан бастадық. 2012 жылы қазақтың ақбас тұқымы сиырларын ет үшін алдық. Биыл сүт бағытындағы саланы дамытуды қолға алдық. Арнайы база бар, жануарлар бөлек тұрады. Симменталдық сиырлардың төлдеріне де ие болдық», - деді шаруашылық басшысы Асқар Қалиев.

Сондай-ақ, шаруашылық мемлекеттің субсидия мен селекциялық-тұқымдық жұмыстың субсидиясына ие болдық.

Айта кетерлігі, жалпы, Қазақстанда  «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан  «Ырыс» бағдарламасы аясында жалпы сомасы  1,6 млрд теңгенің  46 жобасы қаржыландырылды.