Қазақстан мен Корея Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдері ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады (ФОТО)
Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Корея Республикасы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы адмирал Джон Хо Собпен кездесуі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР ҚК-нің шақыртуына сәйкес Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының ресми сапармен келді. Оның барысында Корея мен Қазақстан ӘТК арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мақсаты – әскери-теңіз саласы аясындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
«Біз бүгін талқылаған негізгі мәселелер – ол Кореяның оқу орындарында Қазақстанның Әскери-теңіз күштері үшін мамандарды даярлауды оқыту және жалғастыру, Кореяның ӘТК-нің оқу-жаттығу орталықтарында арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дайындау. Сондай-ақ біз Қазақстан ӘТК бақылаушы офицерлерінің Кореяның ӘТК-нің корабльдерінде қатысу мәселесін талқыға салдық. Келесі қадам осы мәселелерді іс жүзінде іске асыру болмақ деп ойлаймын», - деді ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.
Кездесу барысында екі елдің қорғаныс ведомстволарының өкілдері екі елдің Әскери-теңіз күштерінің жай-күйін, перспективалары мен әскери ынтымақтастығының дамуын талқылады. «Қазақстандық тараптың делегациясын жылы қабылдағанына алғысымды білдіргім келеді.
Бүгін біз Қазақстанның Әскери-теңіз күштерін дамыту, Оңтүстік Корея әскери оқу орындарының курсанттарын оқыту, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның ӘТК корабльдерінде практикалық тәжірибе алу мүмкіндігі бойынша бірнеше маңызды мәселелерді талқыға салдық», - деп атап өтті Корея Республикасы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы адмирал Джон Хо Соб.