Елбасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына қол қойды
09.11.2015
3208
Мемлекет басшысы Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жұмысына қамтылған қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту бөлігінде іске асыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына қоғамдық институттар мен азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.