Қозы етін өндіретін отандық зауыт Өзбекстанға экспорттық топтаманы қалыптастыруды бастады

04.11.2015 3128

«МАРКА Lamb» сауда маркасынан ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін жоғары категориядағы қозы етінің өндірісі бойынша Қазақстандағы бірінші жоба көрші Өзбекстанға экспорттық топтаманы қалыптастыруды бастады, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.

"Батыс Марка Ламб" ЖШС мамандандырылған кешені Батыс-Қазақстан облысы Ақжайық ауданында орналасқан. Тәулігіне қуаттылығы 1400 шағын мүйізді мал басы (ШММ) сойылатын инвестициялық жоба «ҚазАгро» ұлттық холдингі желісі бойынша қаржыландыру кезінде іске асырылған.

Холдингтің құрылымындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ жобаға 2, 2 млрд. теңге инвестиция салды. Бүгінде кәсіпорын өз өнімдерін жергілікті нарыққа және Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне өз өнімдерін жөнелтеді.

Өзбекстанның нарығынан басқа экспорттың бөлігінде кәсіпорын Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларына блокты еттер мен вакуумдық қаптамалардағы ірі кесек турамаларды жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде.