Мәскеуде Ұлы Абайдың шығармалары оқылды
Мәскеуде Соғыстар ардагерлері және Қорғаныс Күштерінің сарайында Абай Құнанбаевтың 170-жылдығына және М.Ю.Лермонтовтың 200-жылдығына арналған «Времен связующая нить» атты әдеби-әуенді кеш өткізілді,деп хабарлады Қазақстанның РФ-дағы Елшілігі.
Іс-шараны «Мәскеу қаласындағы Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы» Аймақты қоғам ұйымы «Естелік» Коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің жәрдемімен ұйымдастырды.
Әдеби кешті бастау сөзінде Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев жоғарыда аталып кеткен ұлы ақындар арасындағы терең рухани байланыстарға сілтеме жасалған Мұхтар Әуезов айтқан сөздерін келтірді.
«Абай Лермонтовтың өлеңдерін өте мұқият әрі ерекше махаббатпен аударған. Мәселен, «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Теректің сыйы», «Желкен» және «Шайтан» атты өлеңінен үзінділер қазіргі кезге дейін орыс классиктердің қазақ тіліне шеберлі аудармалардың қатарында майталман аудармалар болып қалуда», - деген Әуезовтың сөздерін қазақ дипломаты қайталап айтты.
Сондай-ақ, В.Темірбаев жиналған қауым алдында биылғы Ресейдегі Әдеби Жылы Қазақстан және Ресей арасындағы әдеби байланыстарының анағұрлым кеңейгеніне назар салды. Және бұл кеш екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы маңызды іс-шараларының біріне айналғанын мәлімдеді.