Биылғы жартыжылдықта «Даму» қоры бойынша 1 583 қарыз алушы 103,5 млрд теңгенің несиесімен қаржыландырылды
2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында «Даму» қорының бағдарламалары бойынша 1 583 қарыз алушы 103,5 млрд.теңге көлеміндегі несиемен қаржыландырылды, деп хабарлады «Даму» қоры.
«Даму» Қоры ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен директорлар Кеңесінің кезекті отырысында 2015 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысын шығарды. Қаржылық бағдарламалар бойынша «Даму» Қорының банктік несиелердің жалпы көлеміндегі қаражат үлесі 2014-2015ж.ж. (ҚР Ұлттық Банкі мен Қор мәліметі бойынша):экономиканың басым секторларында – 12%, өңдеу өнеркәсібінде – 25% құрайды.
«Бірінші несие бюросы» ЖШС мәліметі бойынша екінші деңгейлі банктердегі қарыз берушілер құрылымындағы «Даму» Қоры клиенттерінің үлесі 26% құрайды.
Лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банктерге қаражатты шартты орналастыру бағдарламасы бойынша 2015 жылдың 1 жартыжылдығында 1 583 қарыз алушы жалпы сомасы 103,5 млрд.теңге көлеміндегі несиемен қаржыландырылды.
Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы бойынша несиенің жалпы сомасы 59,1 млрд.теңге болатын 661 субсидиялау шартына қол қойылды.
Несиелерге кепілдік беру құралы бойынша несиенің жалпы сомасы 10,9 млрд.теңге болатын 331 кепілдендіру шартына қол қойылды.
50 млрд.теңге көлеміндегі ҚР Ұлттық Қорының 2-ші траншы аясында несиелердің жалпы сомасы 41,1 млрд.теңге болатын 232 жоба қаржыландырылды. Оның 21,1 млрд.теңгесі инвестицияға және 20 млрд.теңгесі айналым қаражатын толықтыруға бағытталды. Азық-түлік өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды қаржыландыруға 14 млрд.теңге бағытталды.
50 млрд.теңге көлеміндегі ҚР Ұлттық Қорының 3 траншы аясында несиелердің жалпы сомасы 16,9 млрд.теңге болатын 129 жоба қаржыландырылды. Оның 9,7 млрд.теңгесі инвестицияға, 4,6 млрд.теңге айналым қаражатын толықтыруға және 2,6 млрд.теңге несиелерді қайта қаржыландыруға бағытталды. Азық-түлік өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды қаржыландыруға 4,9 млрд.теңге бағытталды.
Қаражатты шартты орналастыру, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, несиелерді кепілдендіру бағдарламалары аясында жалпы сомасы 341,2 млрд.теңге болатын 7 659 әйел-кәсіпкерлердің жобалары қаржыландырылды. Қаржылық бағдарламалар бойынша Қордың несие алушылары құрылымындағы әйел-кәсіпкерлердің орташа үлесі 35% құрайды.
Жалпы сомасы 117,7 млрд.теңге көлеміндегі жас кәсіпкерлердің 1 262 жобасын жүзеге асыру үшін несие берілді.
«Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүгедек-кәсіпкерлерден демеушілік көмек алуға 1 860 өтінім түсті. Қазіргі кезде 1 393 өтінім бойынша– оның ішінде тігін жабдығы, компьютерлер мен оргтехника, етікші шеберханасына арналған құрал-саймандар, жиһаз өндірісі және т.б. көмек көрсетілді.
2015 жылдың 1 жартыжылдығында өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ қолдау бағдарламасының қатысушылары тарапынан 7,2 млрд.теңге сомасында салықтар төленді. Салалық құрылымда ең көп салық сомасы құрылыс өнімдері өндірісі (1,9 млрд.теңге немесе салықтардың жалпы сомасынан 27%) мен ауыр өнеркәсіп (1,8 млрд.теңге немесе салықтардың жалпы сомасынан 25%) салаларында әрекет етушілерден түсті.
2015 жылдың 1 жартыжылдығында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасына қатысушылардан 46,2 млрд.теңге сомасында салықтар төленді. Басым салалар тұрғысында салықтың көп бөлігі өңдеу өнеркәсібі (24,9 млрд.теңге немесе салықтардың жалпы сомасынан 53,8%) және көлік пен қоймалау (9,8 млрд.теңге немесе салықтардың жалпы сомасынан 39,5%) салаларында әрекет етушілерден түсті.
2015 жылдың 1 жартыжылдығында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында (КҚКО) 41,2 мың клиентке қызмет көрсетіліп, 67,8 мың адамға кеңестер берілді.
Меншікті капиталы – 84,6 млрд.теңгені құрады.2015 жылдың 1 жартыжылдығындағы таза табыс 2,67 млрд. теңге (2014ж. 1 жартыжылдығында 1,56 млрд.теңге) құрады.