Назифа Бақтыбаева

02.11.2013 9933

Анықтама:

Назифа Бақтыбаева 1994 жылдың 20 қазанында Павлодарда дүниеге келген. Қазіргі таңда Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ттің «Ғарыш техникасы мен технологиясы» мамандығы бойынша білім алуда.

Бақтыбаева Назифа - «KATEV» МОФ  физика саласы бойынша бірнеше мәрте жүлдегері  (2007, 2008гг.), «Жер және ғарыш ғылымы» атты облыстық ғылыми сайыстардың жеңімпазы, Жалпы пәндер бойынша Халықаралық  олимпиадалардың жүлдегері.

Сондай – ақ, Назифа «Жас техник» республикалық байқауының жүлдегері, «Ғылым әлеміндегі жаңалық» Халықаралық  сайыстың жеңімпазы атанған.

Назифа Бақтыбаева, «Шапағат - 2012»  IX Республикалық  конкурста «Жас дарын» номинациясының иегері атағын «Шолпан планетасын зерттеу кезінде аэростат-кешенін ғылыми-сараптамалық  жағдайда қолдану» жобасы үшін жеңіп алған.

Сонымен қатар, ол « Ресейлік аэроғарыш он күндігі – 2013» шарасына қатысты, ол Мәскеудегі «Алушта» Авиациялық институтының базасында өткен болатын.

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген.

Көркемсуретке қызығады және теннис пен жүзумен айналысқан.

« Өткен жылы мен Хьюстонда өткен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атандым. Ғарыштық жобалар байқауында Шолпанға ұшу ғарыштық кемесін ұсындым. Бұл құрылысты жүзеге асыру үшін бір жыл уақыт кетті. Мен жеңісім үшін Техас университетінде білім алуға және NASA кешенін тамашалауға мүмкіндік алдым.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мен көп жетістіктерге жеттім. Себебі, менің барлық сайыстарға қатысуға мүмкіндігім болды. Мен қазір Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ білім алып жатырмын. Білім мен тәжірибе жинағасын Қазақстанның технологиялық дамуына өз үлесімді қосамын.

Ғарышкер болу арманымды жүзеге асырамын», - дейді Назифа Бақтыбаева.