Армения 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасына төрағалық етеді
16.10.2015
3116
Армения 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасына төрағалық етеді, деп хабарлады Беларусь Президенті Александр Лукашенко Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында.
«Жақын арада жаңа жылға дейін бұл мәселелер зерттеліп қана қоймай алға ілгерілейтін болады. Сонымен қатар Қырғызстан да ЕАЭО-ға енгеніне өкінбейді. Мен бұған дейін хабарлағандай күн тәртібінде 15 сұрақ. Осы құрамда оның барлығын қарастырдық және 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасына Армения төрағалық ететіні туралы шешім қабылданды», - деп мәлімдеді А. Лукашенко.
Беларусь Президентінің айтуынша, Арменияның бұрынғы Премьер-Министрі Тигран Саргсян Еуразиялық экономикалық комисия алқасына төрағалық етеді.
«Т. Саркисянға Ресей Президенті қолдау көрсетіп отыр. Ол өте тәжірибелі маман», - деді А. Лукашенко.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.
Индира Кауметова