Қазақстан «Кедендік рәсімдердің қиыншылығы» индикаторы бойынша көрсеткішін 22-орынға жақсартты
Осы жылы Қазақстан «Кедендік рәсімдердің қиыншылығы» индикаторы бойынша 55-орынға көтеріліп, өткен жылғы орнын 22-орынға жақсартты(2014 жылы 77-орын), деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.
Аталған индикатор бойынша Қазақстан 56-орын алған Қытайдың алдына шықты. Сондай-ақ Қазақстан Еуразия экономикалық одаққа мүшеелдердің арасында озып тұр: Ресей (88-орын), Қырғызстан (97-орын) және Армения (105-орын).
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы зерттеудің қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы 2015-2016 жылғы бәсекеге қабілеттілік рейтингінде өзінің өткен жылғы позициясын 8 орынға жақсартып әлемнің 140 елінің арасында 42-орынға ие болды. Ұлттық талдау орталығының деректері бойынша бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингке қатысқан кезден Қазақстаның үздік нәтижесі екенін көруге болады. Жаһанды бәсекеге қабілеттілік индексінің 114 индикаторы бойынша Қазақстан 73 индикаторды жақсартты, 30 индикатор бойынша төмендеген, 11 индикатор бойынша өзгеріс жоқ. 5 индикатор бойынша рейтинг 20 орынға жақсарған.