Парламент өкілдері НАТО ПА сессиясына қатысты
13.10.2015
2865
Құрамында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Абай Тасболатов пен Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Сергей Громов бар парламенттік делегация Ставангер (Норвегия) қаласында өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясының 61-сессиясына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Жиырма сегіз НАТО мүше-мемлекеттерден жиналған үш жүзден астам парламент өкілдері, әріптес-мемлекеттер делегаттары, бақылаушылар Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы дағдарыс, Ресеймен қарым-қатынас, босқындар жайы сынды басқа да халықаралық қауіпсіздік төңірегіндегі өзекті сұрақтарды талқылады.
Сонымен қатар, комитеттер отырыстары өткізіліп, онда саяси ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік, ғылым мен технология, азаматтық және экономикалық қауіпсіздік сұрақтары әңгіме өзегіне айналды.