А.Рау: Қазақстанның барлық аймақтарында автошина қалдығын кәдеге жарату жүйесі құрылған

12.10.2015 2925

Қазақстанның барлық аймақтарында автошина қалдығын кәдеге жарату жүйесі құрылған, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.

«Барлық елдерде тең сатылымға ғана емес, оның жойылуына жауап беретін тауар өндірушілерінің жауапкершілігі бекітілген. Әр түрлі елдерде түрлі кесте бар. Мәселен, Ресейде аталмыш кәдеге жарату қоры бар, ол бюджетке бағытталады, әрі қарай автоөндіріс қолдауымен бағдарламалардың қаржыландырылуына бағытталады», - деді А.Рау.

Вице-министр атап өткендей, Қазақстанда бұл мәселе аясында жұмыс істелуде.

Ол атап өткендей, «Қазақстан еуропалық жүйені қабылдады, демек арнайы қор құрылатын болады. Оны құзыретті ұйымдар басқаратын болады.Бірақ, бұл 2016 жылдан бастап аталмыш шаралар енгізілетін болады, ҚР Үкіметі  қайта өңдеу бойынша  инфрақұрылым құру үшін шара қолданады», - деді ол.

Қазақстанда автошиналарды кәдеге жарату жүйесі барлық  аймақта бар екенін А.Рау атап өтті.

Ботагөз Айтжанова