Ш. Катсу Қазақстанның жаһандық бәсекелестік рейтінгінде өз позициясын жақсарту себебін айтты
Қазақстан жаһандық бәсекелестік қабілеттілік рейтингінде 42-ші орын алуы институционалды реформалар мен Қазақстанның қуатты макроэкономикалық саясатының нәтижесі екенін Назарбаев Университетінің президенті Шиего Катсу ОКҚ-да айтты.
«Қазақстанның жаһандық бәсекелестік рейтингінде 42 орынға көтерілуімен құттықтаймын. Бұл үлкен жетістік. 2008 жылғы дағдарыстан кейін өте ауыр болды. Қазіргі жақсару саяси бастамалар нәтижесінде болып отыр. Қазақстаннның рейтингте көтерілуіне сеп болған – ол Қазақстандағы макроэкономикалық саясаттың әрқашан қуатты болуы. Әрине, басқа салаларды айтуға болады: еңбек нарығы, еңбек нарығындағы өзара түсіністік. Егер болашаққа көз салсақ, сыртқы экономикалық ортаның күрделі кезеңінде адамдарды мемлекеттік қаржыландыруға үйрету қажет», - деді Ш.Катсу.
Назарбаев Университетінің президенті 5 институционалды реформаны жоғары бағалады. Оның пікірінше, реформаның жүзеге асуы Қазақстанды жаһандық бәсекелестік рейтингіндегі жоғарылауға алып келеді.
«Мен құрылымдық институционалды реформалардың құрылымы бойынша айта кеткім келеді. Барлық 5 реформа көптеген проблемаларды шешуге бағытталған, ол Қазақстанның жоғары жетістіктерге жетуіне сеп болады», - деді ол.