Қазақстанның ДЭФ рейтингісіндегі орны 22 көрсеткіш бойынша жалпы нәтижеден едәуір жоғары – сарапшы
Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингсінде 42 орынға табан тіреді. Егер бұл рейтингтің жеке көрсеткіштері бойынша нәтижені салыстыратын болсақ онда олар орташа көрсеткіштен едәуір жоғары, деп хабарлады «Ұлттық сараптамалық орталық» АҚ басқарма төрағасы Ақтоты Айтжанова ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
«Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 42 орынға табан тіреді. Бұл 2005 жылдан бері ең үздік нәтиже. Барлық салалар бойныша көрсеткіштер жақсарған. Ұлттық сараптамалық орталық 2009 жылдан бастап Дүниежүзілік экономикалық форумның серіктестік институты болып табылады, жыл сайын форум үшін кәсіпорындарда сауалнама жүргіземіз. Сауалнамаға басшылар қатысады, жыл сайын шамамен 100 компания. Компания құрылымы ЖІӨ құрылымына сәйкес болуы керек», - деді А. Айтжанова.
Секторларға жеке тоқталатын болсақ, сарапшы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу мен қызмет көрсету салаларын атап өтті.
«Ағымдағы жылы 100 компанияның 5-уі ауыл шаруашылығы, 26-қайта өңдеу, 57% - қызмет көрсету саласынан болды. Айта кетерлік жайт, сауалнаманың нәтижесін біз Швейцарияға сәуір айында жіберетін боламыз. Содан соң бұл нәтижелер 114 көрсеткіштен тұратын рейтингтің 2/3 құрайды», - деп түсіндірді А. Айтжанова.
«Егер бұл рейтингтің жеке көрсеткіштері бойынша нәтижені салыстыратын болсақ онда олар орташа көрсеткіштен едәуір жоғары. Қазақстан 22 көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарда келсе, 15 көрсеткіш бойныша алғашқы 30 мемлекеттер тобына кіреді. Олар төмен мемлекеттік қарыз, салықтық үстемақы, ақпараттық-коммуникациялық технология, еңбек нарығы бойынша көрсеткіштер. Мұның барлығы мемлекеттік саясаттың көрсеткіштердің жақсаруына оң әсер еткенін білдіреді», - деп толықтырды ол.
Швейцариядан келген сарапшы, Дүниежүзілік форумның экономисті Роберто Кроти атап өткендей, адам капиталы өте маңызды.
«Ең бәсекеге қабілетті экономикалар персоналды оқыту және білім беру қатынасында жақсы жұмыс істейді. Рейтингке келетін болсақ Швейцария екінші жыл қатарынан екінші орында. Біз көптеге Азия елдерінде бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші жақсарғанын көріп отырмыз. Аймақтағы саяси ахуалға байланысты тәуекелдер бар. Ал, еуразиялық аймақтағы экономикалардың басым бөлігі нығаяды», - деді Р. Кроти.