Қарағанды облысының тауар өндірушілері Астанадағы жәрмеңкеге 850 тонна өнім әкеледі
09.10.2015
2815
Осы демалыста, 10-11 қазан күндері, елорда тұрғындары үшін Қарағанды облысының үздік ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Тауар өндірушілер жалпы сомасы 149,7 млн. теңгені құрайтын 850 тоннаға жуық өнім әкеледі. Бұл жолы ауылшаруашылық жәрмеңкесі «Хан шатыр» СОО алдындағы алаңда өтеді.
Астана қаласы Ауылшаруашылық басқармасының хабарлауынша, жәрмеңкеде ет өнімдері, балық және құс еті, шұжық, сүт өнімдері мен бал, сондай-ақ, жеміс пен көкөністің түр-түрі ұсынылады.
Қазақстан облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін апта сайынғы жәрмеңкелер Астана қаласы әкімдігімен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылады. Қала тұрғындары жәрмеңкеде тауар өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20% арзанға сатып ала алады.