ЕАЭО Кедендік кодексі жобасын жетілдіру аяқталуға жақын
07.10.2015
3514
Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық коллегиясының мүшесі Владимир Гошин кедендік заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс тобын өткізді. Шара барысында тараптар ЕАЭО кедендік кодексі жобасы төңірегіндегі дау-дамайлардың басын ашты.
«Отырысқа қатысушылар ҚР концептуалды ұсыныстарын талқылады. Нәтижесінде тараптар ЕАЭО КО жобасын жетілдіру бойынша ортақ әдістер ойластырды», - делінген хабарламада.
Құжаттағы «резиденттік» және қосымша салықтарды төлеудің мәселелері ЕЭК кеңесінің кезекті отырысында талқыланатын болады.
«Сарапшылар 1,5 мың ұсынысты қарады. Қазір біз ЕАЭО Кедендік кодексі жобасын жетілдіру аяқталуға жақындаттық. Жоба таныстырылған соң тараптарға бағыттылып, қорытынды нәтижені күтеді», - деді ЕЭК кедендік заңнама мен тәжірибе департаменті директорының орынбасары Наталья Зубик.
Қаралмаған мәселелер Жұмыс тобының 16 отырысында талқыланады, ол Мәскеуде 9 қарашада өтеді.