Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылардың 6 түрі оңтайландырылады

06.10.2015 2266

Төлемдерге әкімшілік етуді оңайлату мақсатында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың 6 түрі оңтайландырылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі: 1)тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға арналған жекелеген әлеуметтік бағдарламалар бойынша шараларды күшейту; 2) табысы аз отбасыларды айқындауда бірыңғай тәсіл белгілеу, 3) кедейлік шегін өзгерту;4) атаулы көмектің шартсыз нысанынан әлеуметтік келісімшарт жүйесіне көшу;

Ана мен баланы қолдау жөніндегі шаралар кешенін күшейту мақсатында «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы көп балалы аналарға арналған жәрдемақыға өзгертіледі. Бұл өзгерістердің барлығы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.