Қазақстанның мұнай саласы мұнай қоры бойынша әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енді – сарапшы
05.10.2015
3378
Қазақстанның мұнай саласы мұнай қоры бойынша әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енді, деді мұнай газ саласының өкілі Фердинанд Мамонов «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ел» патриоттар форумында.
«Қазақстан мұнай қоры бойынша 12 орында және газ қоры бойынша 21 орында, оның үстіне Қазақстанның мұнай саласы мұнай қоры бойынша әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енді. Біздің жоспарымызда мұнай өндіру көлемін 2020 жылға қарай тәулігіне 2 млн баррельге жеткізу, осылайша біз әлемнің ірі мұнайгаз өндірісінің ондығына кіреміз», - деді Ф.Мамонов.
Оның айтуынша, мұнайшы мамандығы – бұл нағыз патриоттың мамандығы.
Ботагөз Айтжанова