Маңғыстау облысында 50 және 140 орындық балабақша өз есігін айқара ашты (ФОТО)
02.10.2015
3571
Форт-Шевченко қаласы мен Қызылөзен ауылында 50 және 140 орындық балабақша ашылды, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Қызылөзен ауылында «Толағай» мектепке дейінгі мекемесінің құрылысына 137 млн 769 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Оның құрылысы 2014 жылдың тамызында басталған болатын.
Форт-Шевченко қаласындағы «Алпамыс» балабақшасы 140 орынға шақталған, ол «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Бұл шараларға жергілікті бюджеттен 259 млн 553 мың теңге бөлінді.
Түпқарағай ауданында 1452 баланың тәрбиесімен 13 балабақша айналысады, оның 10-мемлекеттік, 3- жеке.
Айта кетейік, бүгінгі таңда 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 86,19 пайызды құрайды.