ҚР-ның бәсекеге қабілеттілігіндегі ерекшелігі еңбек нарығының тиімділігі мен макроэкономикалық тұрақтылық – сарапшы

02.10.2015 2745

ҚР-ның бәсекеге қабілеттілігінің ерекшелігі еңбек нарығының тиімділігі мен макроэкономикалық тұрақтылық, деді «Экономикалық зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шахарбан Жақыпова өз сұхбатында.

Айта кетейік, 2015 жылғы 30 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2015-2016 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есепті жариялады.

«Осы есеп қорытындылары бойынша, Қазақстан өткен жылғы рейтинг қорытындыларымен салыстырғанда, 8 орынға көтеріліп, 140 елдің арасында рейтингте 42-орынды алды. Бұл бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне қатысудың бүкіл тарихындағы Қазақстанның ең үздік нәтижесі», - деді С.Жақыпова.

 Жеті жыл қатарынан рейтинг бойынша бірінші орынды Швейцария ұстап отыр. Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті үш ел: Швейцария (1), Сингапур (2) және АҚШ (3). Әлемнің үздік бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ЭЫДҰ мүшелері болып табылатын дамыған мемлекеттер кірген. Өңірлік мәнде осы тізімде Батыс Европа елдері басым болады.

Ш.Жақыпова атап өткендей, сонымен қатар үздік отызға Азиядан 6 ел енген – Гонконг (7), Катар (14), Тайвань (15), БАӘ (17), Малайзия (18), Сауд Аравиясы (25), Оңтүстік Корея (26), Қытай (28).БРҮҚ елдері арасында Қытай бұрынғыдай ең жоғары позицияны иеленді (28; 0). Қытайдан кейін Ресей (45; +8), Үндістан (55; +16) және Бразилия (75; -18) орналасқан.

Ш.Жақыпова атағандай, Қазақстандағы сот жүйесін жетілдірудің тиімділігіне елдің соңғы бес жылда көтерілген  көрсеткіші айқындайды, ол бұл рейтингте 39 пунктіге көтерілді.

«Позицияның жақсаруы шетелдік инвесторларды тартуға және Қазақстанда жаңа өндірістерді ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, іскерлік климаттың жақсаруы жаңа іскерлік белсенділікті  арттыруға септігін тигізеді, бұл үрдіс экономика мен адамдардың өмір сүру жағдайына оң әсер береді», - деді сарапшы.