Институционалды ортаның дамуы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы – сарапшы

02.10.2015 3206

Институционалды ортаның дамуы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды факторларының бірі, деп хабарлады ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық зерттемелер мен экономикалық зерттеу орталығы директорының орынбасары Қайсар Нығметов сұхбатында.

«Институционалды ортаның дамуы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды факторларының бірі  және мемлекеттік басқару, құқықтық және сот жүйесі мен жемқорлыққа қарсы әрекеттерді қамтиды. Институционалды орта құқықтық және әкімшілік жүйемен анықталады, оның аясында жеке тұлғалар, компаниялар мен мемлекеттік органдар табыстылық пен экономикалық әл-аухатты арттыру үшін өзара қарым-қатынас орнатады», - деп атап өтті Қ. Нығметов.

Сарапшы атап өткендей, ДЭФ 2015-2016 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде институционалды ортаны жетілдіру «Институттар» факторын білдіреді. Қазақстан бұл бағытта 7 санатқа көтерілді, өткен жылы 57 орында болған. Ал, осыдан бес жыл бұрын 94 орында болатынбыз, яғни көрсеткіштер 44 санатқа жақсарды. 

Көрсеткіштерімізді жақсартудағы негізгі факторлар әкімшілік кедергілерді алып тастау және мемлекеттік басқаруды бюракратиядан арылту, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар болып отыр.

Айта кетерлік жайт, жемқорлыққа қарсы әрекеттер 2015-2025 жылдарға арналған ҚР-ның жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен 2010-2020 жылдарға арналған ҚР-ның құқықтық саясат тұжырымдамасында аталып көрсетілген.

«Сондай-ақ, «Сот процестері бойынша тәуелсіздік» бойынша көрсеткіштердің жақсарғанын атап өткім келеді – плюс 14 санат. Бес жылда 39 санатқа жақсарған. Бұл сот жүйесіне ақпараттық технологиялардың енгізілуіне байланысты болып отыр. Бүгінде «Сот кабинеті» жүйесі өте белсенді пайдаланылады», - деп түсіндірді Қ. Нығметов.

«Сон инстанциясын оңтайландыру азаматтардың әділеттілікке қолжеткізуін жеңілдетеді, сот процестерінің созылуын болдырмайды. Жалпы институционалды ортаны жетілдіру экономикалық дамуға және мемлекетіміздің беделіне оң әсер етеді», - деп түйді сарапшы.