Қазақ хандығының 550 жылдығына салынған монумент Жамбыл облысының туристік бренді болады

01.10.2015 2762

Жамбыл облысы бірегей археологиялық нысанға қол жеткізеді – ол тарихи-мәдени кешен. Бұл Жамбыл облысының халықаралық туристік брендіне айналады, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов ОКҚ-ның көшпелі баспасөз конференциясында.

«Ашық аспан аясындағы Музейден бөлек, тарихи мәдени кешеннің аумағында «Мыңбұлақ» саябағы, «Тараз әуендері» алаңы мен мұнара орналасады», - деп атап өтті  спикер.

Сонымен қатар, аймақ басшысының орынбасары «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі құрылысының маңыздылығына тоқталды. Ұзындығы 30 метр ескерткіш қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихын білдіреді.