Астанада Mazda жапониялық көлігінің дилерлік орталығы ашылады
01.10.2015
2907
Мен бүгін Астанаға Қазақстанда Mazda-ның дилерлік орталығын ашу үшін ұшып келдім, деп мәлімдеді «Мазда Мотор Рус» ЖШҚ президенті және бас директоры Йорг Шрайбер III Қазақстан машина жасаушылар форумында.
«Қазақстандағы бизнесіміздің («Мазда Мотор Рус» ЖШҚ) өкілі екеніме көп болған жоқ. Бүгін Астанаға Қазақстанда «Mazda-ның» дилерлік орталығын ашу үшін ұшып келдім. Бұл кешке жүзеге асады», - деді Й.Шрайбер.
Бұдан басқа, ол Қазақстанның ДСҰ-ға енуін атап өтті. «Жақын арада мұның барлығы орындалады және нені күтеміз деген үлкен сұрақ туындайды. Бұл бастаманы қалай ДСҰ-ға енгеннен кейін шынайы өмірге айналдыруға болады деген ой туады».
Ботагөз Айтжанова