Шымкент мұнай өңдеу зауытына екі отандық компания тауар жеткізетін болады

01.10.2015 3175

«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту» жобасында жергілікті қамтамасыз ету көлемін арттыру мәселесі бойынша Шымкентте отырыс өтті, деп хабарлады Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ.

«Мұндай отырыстар жер-жерлердегі өндірушілердің бизнес-серіктестігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Мысалы жобаның бас мердігері «ДО КНИСГ» ЖШС «ЮКМЗ»ЖШС-мен анкерлік болттарды жеткізу және «Хилл»ЖШС-мен мотор майын жеткізу туралы келісімге отырды», - деп атап өтті Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ төрағасы Қайрат Бектүргенев.

Айта кетерлік жайт, Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «Павлодар МӨЗ жаңғырту» ірі инвестициялық жобасы бойынша жергілікті қамтуға сараптама жүргізді.

Сонымен қатар, «Қашаған кен орнын кеңейту» мұнайгаз жобасы бойынша жұмыстар да басталды.