Қазақстан ЖБҚ көрсеткішінде инновациялық даму факторы бойынша 11 сатыға позициясын жақсартты

30.09.2015 2601

Қазақстанның инновациялық даму факторы бойынша (78; +11) позицияларының айтарлықтай жақсаруы байқалады.

Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2015-2016 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есепті жариялады.

Осы есеп қорытындылары бойынша, Қазақстан өткен жылғы рейтинг қорытындыларымен салыстырғанда, 8 орынға көтеріліп, 140 елдің арасында рейтингте 42-орынды алды. Бұл бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне қатысудың бүкіл тарихындағы Қазақстанның ең үздік нәтижесі.

Қазақстанның инновациялық даму факторы бойынша (78; +11) позицияларының айтарлықтай жақсаруы байқалады.

 Инновациялар (72; +13) және Бизнестің бәсекеге қабілеттігі (79; +12) факторлары бойынша ілгерілеуге қол жеткізілді. Бұдан басқа, Қазақстан Институттар (50; +7) факторы бойынша және Қаржы нарығының дамуы (91; +7) факторы бойынша өз рейтингін жақсартты.

114 индикаторы ішінде  73 индикатор бойынша жақсару байқалды.