Қазақстан ЖБҚ көрсеткішінде 73 индикатор бойынша позициясын жақсартты
Қазақстан 2015-2016 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форум есебінің 114 индикаторы ішінде 73 индикатор бойынша алға жылжыды.
Ең елеулі оң өзгерістер өнімін жаһандық үлестіруде жергілікті компанияларды бақылау (60; +31) индикаторы бойынша байқалады. Кеден баждары (73; +28), Монополияға қарсы саясаттың тиімділігі (68; +26), Кеден рәсімдерінің шығыстары (55; +22) және Ішкі нарықта өнім жеткізуші сапасы (88; +20) көрсеткіштері бойынша 20 жайғасымнан артық жақсаруға қол жеткізілді.
Айта кетейік, Қазақстан өткен жылғы рейтинг қорытындыларымен салыстырғанда, 8 орынға көтеріліп, 140 елдің арасында рейтингте 42-орынды алды. Бұл бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне қатысудың бүкіл тарихындағы Қазақстанның ең үздік нәтижесі.
Бұл ТМД елдерінің арасында Әзербайжаннан кейінгі (40-орын) екінші нәтиже. Ресей 45-орын, Грузия – 66-орын, Украина – 79-орын, Тәжікстан – 80-орын, Армения – 82-орын, Молдова – 84-орын, Қырғыз Республикасы – 102-орын алады. Беларусь, Өзбекстан мен Түрікменстан рейтингке қатыспайды.