Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ДЭФ есебінде 42-ші орынға ие болды
Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ДЭФ рейтингінде 4,5 ұпай жинап, 42-орынды алды.
2015 жылғы 30 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2015-2016 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есепті жариялады.
Осы есеп қорытындылары бойынша, Қазақстан өткен жылғы рейтинг қорытындыларымен салыстырғанда, 8 орынға көтеріліп, 140 елдің арасында рейтингте 42-орынды алды. Бұл бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне қатысудың бүкіл тарихындағы Қазақстанның ең үздік нәтижесі.
Қазақстанның жалпы орта ұпайы 4,49 (2014 жылы 4,42) құрайды, бұл елге Польша (4,49) мен Италия (4,46) арасында рейтингте орынды қамтамасыз етті.
Жеті жыл қатарынан рейтинг бойынша бірінші орынды Швейцария ұстап отыр. Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті үш ел: Швейцария (1), Сингапур (2) және АҚШ (3).
Әлемнің үздік бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ЭЫДҰ мүшелері болып табылатын дамыған мемлекеттер кірген. Өңірлік мәнде осы тізімде Батыс Европа елдері басым болады.
Cонымен қатар үздік отызға Азиядан 6 ел енген – Гонконг (7), Катар (14), Тайвань (15), БАӘ (17), Малайзия (18), Сауд Аравиясы (25), Оңтүстік Корея (26), Қытай (28).
БРҮҚ елдері арасында Қытай бұрынғыдай ең жоғары позицияны иеленді (28; 0). Қытайдан кейін Ресей (45; +8), Үндістан (55; +16) және Бразилия (75; -18) орналасқан.